Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда пойыз вагонында 52 адам уланып қалды: істің мән-жайы белгілі болды

Алматыда пойыз вагонында 52 адам уланып қалды: істің мән-жайы белгілі болды
Сурет: rail-news.kz
Вагонда суық болғандықтан, қандай да бір жылыту құрылғысы қойылған.

Сенатта өткен брифингте Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев пойыз вагонында 52 адамның улануына қатысты істің жаңа мән-жайларын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, өткен жылдың желтоқсан айында болған оқиғада жолаушылар отырған вагон жекеменшік болған және онда жылу жеткіліксіз болған. Сол себептен қосымша жылыту жүйесін орнатқан.

"Вагонда суық болғандықтан, қандай да бір жылыту құрылғысы қойылған. Алайда ол көмірқышқыл газын бөліп, адамдардың улануына себеп болған. Қазір бұл іс бойынша тергеу аяқталуға жақын", – деді министр.

Оның сөзінше, вагон иелері заң аясында жауапқа тартылады.

"Бұл жерде нақты заң бұзушылық бар. Бірақ оны толық дәлелдеу қажет. Қазір аталған вагон пайдаланудан шығарылып, теміржолдан алынды", – деп қосты Нұрлан Сауранбаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда пойыз вагонында 52 адамның уланғаны туралы хабарланған болатын.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар