Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда аялдамада жас жігіт 66 жастағы әйелді ұрып тастады: шабуылдаушының кім екені белгілі болды

Алматыда аялдамада жас жігіт 66 жастағы әйелді ұрып тастады: шабуылдаушының кім екені белгілі болды
Сурет: видеодан скриншот
Жас жігіт аялдамада автобус күтіп тұрған зейнеткерді ұрып кеткен.

Алматыда аялдамада таңғы уақытта 66 жастағы зейнеткерді ер адам соққыға жықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оқиға қаланың Бостандық ауданындағы аялдамада болған. Қала полициясы оқиғаның мән-жайын айтты.

Әлеуметтік желіде Алматы тұрғыны оның 66 жастағы анасына жас жігіттің тап беріп, аяусыз соққыға жыққаны туралы жазба жариялады.

Видеода жас жігіттің аялдамада тұрған қарт әйелді жұдырықпен аяусыз ұра бастағаны көрінеді. Ол құлаған кезде басынан тепкен.

Алматы қалалық Полиция департаменті шабуылдаушының ұсталғанын хабарлады. Оған қатысты 293-бап "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Ер адам аялдамада еш себепсіз 66 жастағы әйелге дене жарақатын салған. Оқиға таңертең ерте Алматының Бостандық ауданында болған. Қылмыс ізі суымай ашылды. Осы қылмысты жасады деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, күзетпен ұсталды", – деді Алматы қалалық ПД ресми өкілі, полиция полковнигі Салтанат Әзірбек.

Құқық қорғау органдары қазіргі уақытта болған оқиғаны тергеуге бағытталған кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын айтты.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар