Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Доллар қайтадан 500 теңгеге дейін өсе ме?: Ұлттық банк төрағасы түсіндірді

Доллар қайтадан 500 теңгеге дейін өсе ме?: Ұлттық банк төрағасы түсіндірді
Сурет: inbusiness.kz
Ұлттық банк доллар бағамына қатысты болжамын айтты.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Қазақстандағы доллар бағамына қатысты пікір білдірді. Брифингте оған доллар қайтадан 500 теңгеге дейін өсуі мүмкін бе деген сұрақ қойылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Айтуынша, валютаға негізгі сұраныс жаз мезгілінен бастап артады.

“Қазір мұнай бағасына қатысты жағдай жаман емес. Бұл елге валютаның келуіне және нарықтағы жағдайға әсер етеді. Сондықтан теңгенің айтарлықтай нығайғанын көріп отырмыз. Ал валютаға негізгі сұраныс жаз мезгілінен бастап артады. Бұл қалыпты маусымға байланысты құбылыс”, – деді Ұлттық банк басшысы.

Оның айтуынша, қазір теңге-доллар бағамы нарықтық жағдайда қалыптасып отыр.

“ Теңгенің нығаюы барлық инвестициялық бағдарламаға оң әсер етеді. Мейлі корпоративтік, мейлі квазимемлекеттік сектор болсын, әсері оң. Себебі кез келген инвестициялық жобада, әсіресе технологиялық жобаларда, жабдықтың 70–80%-ы импортқа тиесілі. Демек теңге 10% нығайса, импорт құны да 10% арзандайды. Бұл экономика үшін оң әсер”, – деді Тимур Сүлейменов.

Сонымен қатар Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты қазіргі жағдайда бағамды ешбір сарапшы нақты болжай алмайтынын айтты.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар