Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда1 шілдеден бастап ипотека төмен пайыздық мөлшерлемемен беріледі

Қазақстанда1 шілдеден бастап ипотека төмен пайыздық мөлшерлемемен беріледі
Сурет: kzvesti.kz
Ұлттық банк төрағасы 1 шілдеден бастап ипотекаға қатысты өзгеріс енгізілетінін атап өтті.

Қазақстанда ипотека беру ережелерін өзгерту жоспарлануда. Ол 1 шілдеден бастап енгізілмек. Бұл туралы брифинг барысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов ипотекаға бастапқы жарна ретінде 30%-дан көп төлеген қазақстандықтар 1 шілдеден бастап төменірек мөлшерлеме алатынын мәлімдеді.

Айтуынша, бұл бастаманың мақсаты — қарыз алушыларды жоғарырақ бастапқы жарна төлеуге ынталандыру. Ол қазіргі нарықтағы жағдайды әділетсіз деп санайтынын да атап өтті.

«1 шілдеден бастап екі мөлшерлеме болады: 25% және 20%. Қарапайым түрде айтсақ: егер бастапқы жарна 30%-дан асса, ең жоғары мөлшерлеме 20% болады. Ал егер 30%-дан аз болса, мөлшерлеме 25%-дан аспауы тиіс», — деді Сүлейменов.

Сүлейменов мамыр айында тиісті шешімнің жобасы жарияланатынын хабарлады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар