Басты жаңалықтар
Азаматтардың жеке деректерін коллекторларға сатқан қылмыстық топ ұсталды
- автор kyn.kz
- Бүгін, 12:46
- 151
Олар заңсыз жолмен алынған ақпаратты Интернет желісінде сатып келген.
Азаматтардың дербек деректерін сатқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Комитет хабарлауынша, биыл наурызда Астана және Алматы қалаларында ҚР азаматтарының дербес деректерін заңсыз жинауда және таратуда күдікті адамдар тобы әрекетінің жолын кесілді.
Тергеу материалдарына сәйкес күдіктілер заңсыз жолмен алынған ақпаратты интернет желісінде сатқан.
Сатып алушылар қатарында микроқаржы және коллекторлық ұйым өкілдері мен жеке тұлғалар болған.
Тінту барысында компьютерлік техника, электрондық ақпарат тасымалдағыштар, ірі көлемде ақша тәркіленді.
Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.




