Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтөбе облысында бұрынғы әйелін аңдып, мазалаған ер адам ұсталды

Ақтөбе облысында бұрынғы әйелін аңдып, мазалаған ер адам ұсталды
Сурет: nippon.com
Ер адам бұрынғы әйелін үнемі аңдып, онымен байланыс орнатуға тырысқан.

Ақтөбе облысында ер адам бұрынғы әйелін аңдып, мазалағаны үшін істі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

29 жастағы әйел бұрынғы күйеуінің қыр-соңынан қалмай, мазалап жүргенін айтып, арызданған.

Полицияның мәліметінше, ер адам осы айдың басынан бері бұрынғы әйелін үнемі аңдып, онымен байланыс орнатуға тырысқан. Учаскелік инспекторлар оны полиция бөліміне жеткізді.

 «Ақтөбе облысында сталкингтің алты ісі тіркелді, оның бір материалы шешім қабылдау үшін сотқа жолданды», – делінген хабарламада.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар