Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Ауылдан келген, ақымақ": желтоқсаншыларға тіл тигізген алматылық әйелдің үстінен іс қозғалды

"Ауылдан келген, ақымақ": желтоқсаншыларға тіл тигізген алматылық әйелдің үстінен іс қозғалды
Сурет: total.kz
Алматы тұрғыны 1986 жылғы көтеріліске шыққандарды “мас әрі топас ауыл адамдары” деп атаған.

Әлеуметтік желіде Желтоқсан оқиғасына қатысушыларды «ақымақ», «ауылдан келген» деп тіл тигізген алматылықты полиция департаменті ұстап, қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Алматы тұрғыны Виолетта Паршина Threads желісінде 1986 жылғы көтеріліске шыққандарды “мас әрі топас ауыл адамдары” деп атап, жұрттың наразылығын тудырған. Аталмыш мәселе қоғамда резонанс тудырды

Алматы қаласының полиция департаменті күдіктінің ұсталып, оның үстінен қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

«Азаматша П.-ның жеке басы анықталып, полицияға жеткізілді. Қазіргі уақытта оның әрекеттеріне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құқықтық баға берілуде. Мұндай әрекеттерге жол берілмейді және оларға қағидатты түрде құқықтық баға беріледі. Тұлғаның мәртебесіне және өзге де жағдайларға қарамастан, ұлттық белгісі бойынша қорлау фактілеріне жол берген барлық азаматтар заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады», – деп хабарлады Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар полиция ұлтаралық келісімді бұзуға бағытталған кез келген әрекеттер, арандатушылық және алауыздықты қоздыратын материалдарды тарату фактілері қатаң түрде тоқтатылатынын ескертті.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар