Ерболат Жанәбіловке екі жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.
Астанада блогер Ерболат Жанәбіловке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ерболат Жанәбіловке мүлкі тәркілене отырып, екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.
Сондай-ақ, сотта прокурор Олжас Хайруллаев сотталушылардың өз еркімен 247 653 229,5 теңге мүліктік залалды өтегенін мәлімдеді.
Бұған дейін мәміле шарттары бойынша прокурор Ерболат Жанәбіловке екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын мүлкін тәркілей отырып тағайындауды, ал Эльмира Төлегеноваға жазаның орындалуын екі жылға шегере отырып, екі жылға бас бостандығынан айыру жазасын беруді сұрағаны хабарланған болатын.



