Абай облысындағы Орлов шахтасында бір қызметкер қаза тапты: тағы біреуі ауруханаға жеткізілді
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 21:59
- 1
Абай облысындағы «Востокцветмет» ЖШС-нің Орлов шахтасында жазатайым оқиға салдарынан бір қызметкер қаза тауып, тағы бір адам зардап шекті. Ол ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қайғылы жағдай 27 сәуір күні болды. KAZ Minerals компаниясының мәліметінше, алдын ала деректер бойынша тау жынысының опырылуы орын алған.
«Жазатайым оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Жан-жақты тергеу жүргізілуде. KAZ Minerals тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук оқиға орнына бара жатыр», – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Компания қаза тапқан қызметкердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, оның отбасына барлық қажетті қолдау көрсететінін мәлімдеді. Сондай-ақ зардап шеккен жұмысшыға да жан-жақты көмек көрсетіледі.
Бұл – Орлов шахтасындағы соңғы уақыттағы екінші жазатайым оқиға. 2026 жылдың наурыз айында мұнда екі жұмысшы зиянды газдан уланып, олардың бірі ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмған, ал екіншісіне медициналық көмек көрсетілген.


