Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Түркістан облысында қария немересін зорлады деген күдікке ілінді

Түркістан облысында қария немересін зорлады деген күдікке ілінді
Сурет: РИА новости
Қария екінші сыныптың ұлына зорлық көрсетті деген күдікке ілінді.

Түркістан облысы Отырар ауданында немересін зорлады деген күдікпен нағашы атасы тергеуге алынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.

Қария екінші сыныптың ұлына зорлық көрсетті деген күдікке ілінді. Баланың анасы “ұлымды туған әкем зорлады” деп полицияға арыз түсірген.

Өзіне тағылған айыптың рас-өтірігі арнайы сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады.

Тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғап, мән-жайды анықтауға кірісті. Балалар омбудсмені Динара Зәкиева сегіз жастағы ұл арнайы орталыққа жатқызылғанын жеткізді. Қазір жәбірленушіге психологтар көмек көрсетіп жатыр.

“Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жәбірленуші уақытша “Балаларға арналған орталыққа” жатқызылды. Қазір полиция тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр”, – деді ол.

Динара Закиева бұл жағдай өзінің жеке бақылауында екенін айтты.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар