Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Наркоздан оянбай қалмаймын ба": Гүлзира Айдарбекова ота жасататынын айтып, уайымдады

"Наркоздан оянбай қалмаймын ба": Гүлзира Айдарбекова ота жасататынын айтып, уайымдады
Сурет: ашық дереккөздерден
Гүлзира Айдарбекова оқырмандарынан өзіне дұға етуді сұрады.

Продюсер Гүлзира Айдарбекова алда ота жасататынын және көңіліндегі қорқынышымен бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Әлеуметтік желідегі парақшасында өзін ота алдында неше түрлі ойлар мазалап жатқанын және көңілі босап жүргенін айтты.

«Пенде болған соң уайымсыз болмаймыз ғой, бұйыртса өтімді қалдырып, үлкен тастарды алдыртуға жолға шығып жатырмын, ертең ота жасалыну керек. Кеше балаларыммен қыдыруға шығып бара жатып ойлап қоямын, мен неге сонша сәнденіп киініп жатырмын, бой түзеп жатқан жоқпын ба, операция кезінде наркоздан оянбай қалмаймын ба, әр затыма қызығушылықпен, қимастықпен қарап кеттім ба, неге миымды қорқынышты жаман ойлар торлап алды деп, өзімнен-өзім көңілім әр нәрсеге босаумен жүрдім», — деп жазды ол.

Гүлзира Айдарбекова оқырмандарынан өзіне дұға етуді сұрап, көрген түсін баяндап берді.

 «Түн жарымда @aigul.ag есіме түсті. Алдында түс көріп, историясында Қайраттың мамасын не үшін көргенімді білмеймін, денсаулығына көңіл бөлсінші деп айтқанын, елдер маған көп жіберді. Дайрегіне танымасам да смс жазып, бірақ жауап алмағанмын. Қайта кіріп қарасам смс жазыпты, ватсап нөмірін де жаза кетіпті. Бір Алла ғой ретке келтіруші, бірақ түсі де аяны да тура келетінің қарап жүргенмін. Бәрі жақсы болады деген жылы сөзін естіп қуанып қалдым. Бір ауыз жылы сөз адамға қаншалықты жігер береді десеңші. Көпшілік дұғасын Алла еш қалдырмайды ғой, сіздерде сәттілік тілеп кетіңіздерші, менің өмірімнің бір бөлшегі, бар сырымды ақтарар оқырмандарым!» — деді Гүлзира Айдарбекова.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар