Қоғам
“Мен сені қалап тұрмын” деп бір жерін көрсетті": Джузефина Дархан Жолшыбековтың әдепсіз қылығын әшкере қылды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:38
- 62
Джузефина Дархан Жолшыбековтың өзіне әдепсіз ұсыныс жасағанын айтты.
Джузефина лақап атымен танымал блогер Жұлдыз Жауынбаева Дархан Жолшыбеков пен оның жұбайы Дариға Нүркееваға қатысты сөз қозғады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі
Бұл туралы журналист Анна Данченкоға берген сұхбатында айтты.
Блогердің айтуынша, АҚШ-та оқып жүрген кезінде Дархан Жолшыбеков оған видеоқоңырау арқылы хабарласып, әдепсіз ұсыныс жасаған. Оны дәлелдейтін скриншоттар бар екен.
“Дархан маған хабарласып біртүрлі әңгіме айтты. Оның мұнысын түсінбедім, мен ұйықтап жатқан едім. Қоңырау шалды да “Мен сені қалап тұрмын” деп бір жерін көрсетті. Кейін бұл туралы Дариғаға айтпауымды сұрады. Мен үндемей жүрдім”, – деді ол.
Бұл жағдайдан Дариғаның да хабары бар екен.
“Менде скриншоттар бар. Бірақ оларды бопсалау үшін пайдаланбаймын. Бұл – тек айтқандарымды растайтын дәлел. Дариғаға сұхбат беретінімді айтқанмын. Сол кезде Дархан туралы айтшы деді”, – дейді блогер.




