Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Көзім жұмылып, ұйқыға кетіп": Гүлзира Айдарбекова өтіне ота жасатты

"Көзім жұмылып, ұйқыға кетіп": Гүлзира Айдарбекова өтіне ота жасатты
Сурет: ашық дереккөздерден
Әншінің анасы ота жасатқанын және сәтті өткенін айтты.

Әнші Қайрат Нұрастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова ота жасатты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Продюсер бұған дейін әлеуметтік желідегі парақшасында ота жасататынын, біраө уайымдап жүргенін айтқан болатын.

Әншінің анасы бүгін жазба жариялап, отаның сәтті өткенін хабарлады.

“Біраз жыл бұрын абысыным наркоздан қайта оянбап еді. Кейін Алматыда тағы бір абысыным өтіндегі тасты лазермен алдырғанда, қалдығы қалып қойып, іріңдеп, өмірден өткен еді. Қорқынышым содан. Аллаға шүкір, сәтті өтті”, – деп жазды ол.

Алайда наркоздың күші әлі бар екенін, әлсіздік сезініп жатқанын айтты.

“Наркоздың күші тарап жатыр. Көзім жұмылып, ұйқыға кетіп, қайта оянып жатырмын. Кейінірек толықтырып жазамын, қазір әлсіздік бар”, – деп жазды ол.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар