Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жетісу облысында қоқыстан елтаңба тауып алып, оны үйіне іліп қойған блогерге айыппұл салынды

Жетісу облысында қоқыстан елтаңба тауып алып, оны үйіне іліп қойған блогерге айыппұл салынды
Сурет: t.me/qumash_kz
Блогер Данияр Бейісқали төрт жыл бұрын қоқыс арасынан Қазақстан Республикасының елтаңбасын тауып алған.

Жетісу облысында қоқыс алаңынан елтаңба тауып алған блогерге айыппұл салынған. Бұл туралы желіде ақпарат тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұған қатысты өңірлік Полиция департаменті түсініктеме берді.

Ақпарат бойынша, Жетісу облысы Жансүгіров ауылының блогері Данияр Бейісқали төрт жыл бұрын қоқыс арасынан Қазақстан Республикасының елтаңбасын тауып алған. Оны үйіне апарып, тазалап, іліп қойған.

“Ниеті дұрыс сияқты көрінгенімен, бұл әрекет бәріне бірдей ұнай қоймаған. Арада бірнеше жыл өткен соң бұл ақпарат жергілікті билікке жетіп, блогерге 216 мың теңге айыппұл салынды”, – делінген хабарламада.

Жетісу облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Ақсу ауданы әкімдігі полицияға Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасын мақсатсыз пайдалану дерегі бойынша өтініш түсірген.

“Тексеру барысында аталған құқықбұзушылыққа жол берген Ақсу ауданының тұрғыны анықталды. Ол Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылды”, – деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Ведомство мемлекеттік рәміздер заңмен ерекше қорғалатынын және оларды тек заңнамада белгіленген тәртіппен ғана пайдалануға болатынын ескертеді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар