Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шетелдік көлік сатамын деп адамдарды алдаған күдікті Ресейден экстрадицияланды

Шетелдік көлік сатамын деп адамдарды алдаған күдікті Ресейден экстрадицияланды
istockphoto.com
Ол көліктерді сату туралы көрiнеу жалған жарнамалар жариялау арқылы жеті азаматтың ақшасын ұрлаған.

Алаяқтық жасаған күдікті Ресей Федерациясынан экстрадицияланды, деп хабарлады бас прокуратура. Ол бірнеше рет алаяқтық жасаған деген күдікке ілінген.

"Тергеу кезінде анықталғандай, күдікті 2023 жылы интернет сайттарында шетелдік көліктерді сату туралы көрiнеу жалған жарнамалар жариялау арқылы жеті азаматтың ақшасын ұрлаған", - деп жазылған хабарламада.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.

2025 жылғы шілдеде ол Белгород облысында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауымен елге экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Айып тағылған қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар