Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Елтаңбаны қоқыстан тауып алып, үйіне іліп қойған қазақстандық жазаланды

Елтаңбаны қоқыстан тауып алып, үйіне іліп қойған қазақстандық жазаланды
видеодан стоп кадр
Жетісу облысының тұрғыны Данияр Бейісқали Қазақстанның ескірген Елтаңбасын пайдаланғаны үшін жазаланды.

Ақсу ауданы Жансүгіров ауылының 37 жастағы тұрғыны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Ер адам 2022 жылы қоқыс тастайтын жерден мемлекеттік Елтаңбаның макетін тауып алған. Ауыл тұрғыны оны реставрациялап, үйінің қабырғасына іліп қойған.

"Тауып алған затым туралы бұған дейін аудандық әкімдікке хабарлағанмын, олар тексеру жүргізуге уәде берген. Бірақ кінәлі адам табылмады. Мен макетті билікке тапсырып, оның жойылу процесін телефонға түсіріп алуды сұрамақ болдым. Ақыр соңында бәрі ұмытылып кетті", - деді Данияр Бейісқали елтаңбаның үйінде ілулі тұра бергенін айтып.

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар