Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Абай Бегейдің үлкен қызы да орамалын шешті

Абай Бегейдің үлкен қызы да орамалын шешті
Сурет: instagram.com/symbatabaikyzy/
Ерке Ниязқұлова өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырған.

Белгілі әнші Абай Бегейдің тұңғыш қызы, блогер Ерке Ниязқұлова да хиджабын шешті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Өнер иесінің алғаш рет қыздарымен бірге орындаған “Айналайын” әніне түсірген бейнебаянында үлкен қызының да орамалсыз жүргені көрінеді.  

Бұл жайында Ерке Ниязқұлова өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырған.

“Сіздерге үлкен өтінішім бар. Орамалды ешқандай жағдайға, бейнебаянға, адамға байланыстырып өз ойларыңызбен түрлі ақпарат құрастырмаңыздаршы! Мен ересек адам ретінде өзіме ғана байланысты нәрсеге шешім қабылдадым. Біреу киді, біреу шешіп, ол адамдарда менің шаруам жоқ, болмаған да. Әркім өзі басына ғана жауап береді. Менің қазіргі күйімді қабылдап, құрметтеп, түсіністік танытуларыңызды ғана сұраймын”, – деп жазды ол.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар