Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шымкентте WhatsApp-тағы чатта көршісін балағаттаған тұрғынға 150 мың теңге айыппұл салынды

Шымкентте WhatsApp-тағы чатта көршісін балағаттаған тұрғынға 150 мың теңге айыппұл салынды
Сурет: miciudad.mx
Қала тұрғыны WhatsApp-тағы чатта өзінің және отбасының атына жазылған сөздерді байқап, көршілерін сотқа берді.

Шымкентте көршісін WhatsApp-тағы чатта балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қалалық азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотта қала тұрғынының көршілеріне моральдық зиянды өтеу туралы берген арызы бойынша іс қаралды.

Қала тұрғыны WhatsApp-тағы чатта өзінің және отбасының атына жазылған сөздерді байқап, көршілерін сотқа береді.

"Талап қоюшының айтуынша, жауапкерлер үйдің ортақ WhatsApp чатында оның және отбасының атына қатысты былапыт сөздер қолданған", – делінген сот хабарламасында.

Сотта тараптар медиациялық келісімге келген. Талап қоюшы талап-арызынан бас тартқан, ал жауапкерлер талаптарды мойындап, оған мамыр айының соңына дейін 150 000 теңгеден төлеуге міндеттелді.

Сот бұл келісімді бекітіп, іс жүргізуді тоқтатты, сонымен қатар талап қоюшыға төлеген мемлекеттік баж салығы қайтарылды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар