2026 жылдың басынан бері Алматыда 4600-ге жуық неке тіркелген. Соның ішінде некесін қиған ең қарт адам 92 жаста екені белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі «24KZ» сілтеме жасап.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, мегаполисте күн сайын орта есеппен 70-ке жуық неке қию рәсімі өтеді. Үйленушілердің орташа жасы: Қалыңдықтарда - 29 жас, күйеу жігіттерде - 32 жас. Неке қиюға өтініш берген ең егде азамат - 92 жастағы ер адам. Ал ең жас жұп заң талаптарына сәйкес рұқсат алып, 16 жасында отбасын құрды, - деп хабарлады корпорациядан.
Сондай-ақ, осы кезеңде 409 жұп шетелдіктермен некеге тұрған. Бұдан бөлек, 2026 жылдың басынан бері 934-ке жуық жұп ажырасуға өтініш берген. Ажырасуға өтініш берушілердің орташа жасы: ерлер арасында - 39 жас, әйелдер арасында - 37 жас.
Ұқсас жаңалықтар
«Батырлық пен қамқорлық»: Төтенше жағдай қызметіндегі нәзік жандылар
- авторkyn.kz
- 31 наурыз, 2026




