Қоғам
Қазақстанда енді домбыра мен қобызды ұшақта тегін алып жүруге рұқсат берілді
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 18:11
- 13
Ал салмағы 10 келіден аспауы тиіс.
Қазақстанда енді музыкалық аспаптарды алғаш рет ресми түрде ұшақ салонына қол жүгі ретінде алып өтуге рұқсат беріледі. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі мәлімдеді., деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қазіргі уақытта әуе көлігімен жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдаудың қолданыстағы нормаларына түзетулер әзірленіп жатыр. Бастамаға азаматтардан түскен көптеген өтініш негіз болған.
Жаңа талаптарға сәйкес, аспаптардың, соның ішінде домбыра мен қобыздың өлшемдері 110×35×30 сантиметрден, ал салмағы 10 келіден аспауы тиіс.
Егер аспап жолаушының жалғыз қол жүгі болса, оны тегін тасымалдауға болады. Ал белгіленген нормадан асқан жағдайда, қосымша орын үшін әуе компаниясының тарифі бойынша ақы төлеу қажет.



