Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Трамп Ормуз бұғазында азат ету операциясы басталғанын мәлімдеді

Трамп Ормуз бұғазында азат ету операциясы басталғанын мәлімдеді
Сурет: .eurotopics.net
Трамп егер Ормуз бұғазы операциясына кедергі келтірмек болса, АҚШ күш қолданатынын мәлімдеді.

АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ Ормуз бұғазынан кемелерді шығару операциясын бастайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Truth Social әлеуметтік желісінде айтты. Сөзінше, басқа елдер Вашингтонға АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыс салдарынан Ормуз бұғазында бөгеліп қалған кемелерін босату туралы өтініш білдірген.

"Иранның, Таяу Шығыстың және АҚШ-тың игілігі үшін біз бұл елдерге олардың кемелерін осы шектеулі су жолдарынан қауіпсіз алып шығатынымызды, сонда олар өз жұмыстарын еркін әрі толыққанды жалғастыра алатынын хабарладық.... Project Freedom ("Бостандық жобасы" - ред. ескертпесі) деп аталатын бұл процесс Таяу Шығыс уақыты бойынша дүйсенбі күні таңертең басталады", - деді АҚШ басшысы.

Сонымен қатар Трамп егер бұл операцияға біреулер кедергі келтірмек болса, АҚШ күш қолданатынын мәлімдеді.

"Егер бұл гуманитарлық процеске қандай да бір жолмен кедергі жасалса, өкінішке қарай, мұндай араласу мәселесін күшпен шешуге тура келеді", - деп жазды Трамп.

Операцияға Мемлекеттік департамент пен АҚШ Қарулы Күштерінің Орталық қолбасшылығы Кеме қатынасы еркіндігінің теңіз коалициясы аясында жетекшілік етеді.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар