Алаштанушы Елдос Тоқтарбай Мұхтар Мағауинге АҚШ-та көктас қойылғанын жазды.
АҚШ-та публицист, қоғам қайраткері, жазушы Мұхтар Мағауинге арнап көктас қойылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы алаштанушы Елдос Тоқтарбай мәлімдеді.
"Рухы шат болсын. Мықты қазақ еді! Ендігіде жырау бабаларымен, Алаш әкелерімен қауышқан болар" деп жазды.
Айта кетейік, Мұхтар Мағауин былтыр 10 қаңтарда 84 жасқа қараған шағында өмірден өткен еді.



