Басты жаңалықтар
Өскемендегі зауыттағы жарылысқа қатысты тың ақпарат шықты
- автор kyn.kz
- Бүгін, 11:27
- 53
Алдын ала мәлімет бойынша 4 адам медициналық мекемеге жеткізілді.
Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері "Казцинк" ЖШС аумағындағы өртті оқшаулады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
"Құтқарушылар толық сөндірілгенге дейін өрт ошақтарына су шашып, құрылымдарды бөлшектеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Зардап шеккендерді іздеу жұмыстары жүргізілуде. Алдын ала мәлімет бойынша 4 адам медициналық мекемеге жеткізілді", - деп жазылған хабарламада.
Оқиға орнында 40 адамнан тұратын жеке құрам мен 10 техника жұмылдырылды. Өрттің аумағы нақтыланып жатыр.




