Саясат
Айбек Дәдебай Президент Әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 13:22
- 50
Айбек Дәдебай Президент Әкімшілігінің басшысы қызметінен кетті.
Айбек Дәдебай басқа жұмысқа ауысуына байланысты Президент Әкімшілігінің басшысы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Айбек Арқабайұлы Дәдебай басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымынан босатылды", - делінген құжатта.
Айбек Дәдебаев 1980 жылы 1 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген.
2001-2002 жылдары Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің халықаралық туризм менеджменті кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеген.
Айта кетсек, Айбек Дәдебаев 2024 жылғы 6 ақпанда Президент Әкімшілігінің басшысы лауазымына тағайындалды.



