“Мен әлсіздігімді көрсетпеймін”: Меруерт Өтекешова өмірі, қиын кезеңдер мен қызы туралы
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 20:13
- 1
Қазақстанның Халық әртісі, “Қыз Жібек” фильмінде басты рөлді сомдаған актриса Меруерт Өтекешова қазіргі өмірі, ұлының қазасы және жары Құман Тастанбековтің өмірден өткен сәті туралы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Өмірі жайлы Майя Бекбаеваға сұхбат берді.
Актриса бүгінде кіші қызы және немересімен бірге пәтер жалдап тұрады. Мемлекет тарапынан Алматы мен Астанадан берілген пәтерлерін сатуға мәжбүр болған.
2008 жылы ұлдары Фараби 34 жасында кенеттен қайтыс болған. Бұл жағдайды Томирис ауыр қабылдаған. Психикалық денсаулығы сыр беріп, ұзақ уақыт депрессиядан шыға алмаған.
“Қиын кезеңдер болды. Бірақ мен әлсіздігімді көрсетпеймін. Бұл менің мінезімде жоқ. Мен әлі де қыздарым мен немерелеріме керекпін деп ойлаймын”, – деді актриса.
Томирис кейін Жүргенов атындағы академияның вокал бөлімін тәмамдаған.
“Ол ағасының қазасын ауыр қабылдады. Бірақ қазір мұның бәрінен өтті. Бәрі жақсы”, – деді Меруерт Өтекешова.
Ал үлкен қызы Жібек журналист, көп жыл теледидарда жұмыс істеген.
Сұхбат барысында актриса жары Құман Тастанбековтің өмірден өткен күнін еске алып, оның мәңгіге жадында сақталғанын айтты.
Айтуынша, туыстарының тойынан кейін қонақүйге келген Құман Тастанбековтың жүрегі тоқтап қалған.



