Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Нұрлыбек Нәлібаев премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды

Нұрлыбек Нәлібаев премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды
gov.kz
Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 5 мамырда Мемлекет басшысының Жарлығымен Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. Ол бұған дейін атқарған Премьер-министрдің бірінші орынбасары лауазымынан босатылған болатын.

Нұрлыбек Нәлібаевтың өмірбаяны

Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген. Ресей Федерациясы президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының (РХШжМҚА) 3-курс докторанты.

Еңбек жолын 1997-1998 жылдары мұнай және мұнай өнімдері бойынша сарапшы болып бастаған.

1998-2005 жылдары жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық лауазымдарды атқарды.

2005-2007 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары болды.

2007-2008 жылдары - Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы.

2008-2013 жылдары - Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі.

2013-2021 жылдары - Қызылорда қаласының әкімі.

2021 жылдан 2022 жылға дейін премьер-министр кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарды.

2022 жылдың сәуірінен бастап Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі қызметін атқарды.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар