Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қарағандыда ер адам кафеде танысқан әйелдің шотындағы ақшаны шешіп алған

Қарағандыда ер адам кафеде танысқан әйелдің шотындағы ақшаны шешіп алған
Сурет: edimdoma.ru
Ер адам әйелдің ақшасын ұрлаймын деп, ұсталып қалды.

Қарағанды тұрғыны құрбысымен бірге кафеге барғаннан кейін 2 млн теңгеге жуық ақшасынан айырылды. Оқиға жаңа танысқан екі ер адаммен байланысты болып шыққан, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, кафеде екі ер адам екі қызбен танысқан. Кеш соңында есеп айырысу кезінде ер адамдардың барлық шығынды төлеуге қаражаты жетпейтіні анықталған. Сол сәтте әйелдердің бірі көмектесуге келіскен.

Алайда қыздар кетуге дайындалып жатқанда, 37 жастағы ер адам жағдайды пайдаланып кеткен. Тергеу мәліметіне сәйкес, ол 35 жастағы қарағандылық әйелдің банк шотынан 1 млн 900 мың теңгені өзінің 40 жастағы танысының есепшотына аударып жіберген.

Осыдан кейін ер адамдар мекемеден шығып кеткен. Олар әрекеттері байқалмай қалады деп ойлаған.

Жәбірленуші шотынан қомақты қаражат жоғалғанын келесі күні таңертең ғана байқап, Қарағанды қаласының Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне арызданған.

Полицейлер күдіктілерді жедел түрде анықтап, екеуін де ұстады. Тергеу барысында олар кінәларын толық мойындаған. Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар