Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Балаларына үтік және шанышқыны қыздырып басқан: шымкенттік әйел сотта ісіне өкінетінін жеткізді

Балаларына үтік және шанышқыны қыздырып басқан: шымкенттік әйел сотта ісіне өкінетінін жеткізді
Сурет: видеодан скриншот
Анасы балаларын ұрып-соғып, қызған заттармен денелерін күйдірген және өмірлеріне қауіпті жаза түрлерін қолданған.

Шымкентте өз балаларына жүйелі түрде зорлық-зомбылық көрсетті деп айыпталған әйелге қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Биылғы қаңтарда әлеуметтік желілерде тараған қатыгездік бейнежазбасы қазақстандықтардың жағасын ұстатқан болатын, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі жергілікті Otyrar басылымына сілтеме жасап.

Сот отырысы барысында бейнежазбалар зерттеліп, кәмелетке толмаған балалардан жауап алынды. Балалардың айтуынша, анасы оларды ұрып-соғып, қызған заттармен денелерін күйдірген және өмірлеріне қауіпті жаза түрлерін қолданған.

Сотталушы өз кінәсін жоққа шығарған жоқ. Сотта оның тергеу кезінде берген жауаптары оқылды.

Сотталушының бұрынғы енесі сотта әйелді кешіретінін айтты. Соған қарамастан, қылмыстық істі қарау жалғасып жатыр.

Сотталушы кінәсін мойындап, өкінетінін жеткізді.

Еске сала кетейік, қаңтарда әлеуметтік желілерде денелері көгеріп, күйік шалған балалардың видеосы тараған болатын.

Балаларға үйде қалай қарайтыны туралы шындық 9 және 11 жастағы екеуі мектепке бармай қойғаннан кейін ашылды. Отбасына педагогтер барып, балалардың жантүршігерлік күйін көрген соң, полицияға хабарласқан.

Сол кезде 29 жастағы әйел ұсталған болатын. Кейін сот әйелдің ата-ана құқығын шектеді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар