Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Forbes Kazakhstan еліміздегі ең бай адамдардың тізімін жариялады

Forbes Kazakhstan еліміздегі ең бай адамдардың тізімін жариялады
Сурет: фотоколлаж KYN.KZ
Қазақстанның ең бай адамдарының тізімі жарияланды.

Forbes Kazakhstan "Қазақстанның ең бай 75 бизнесмені – 2026" рейтингісінің жаңартылған тізімнін жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қазақстанның ең бай бизнесмендері тізіміне енгендердің жалпы байлығы бір жылда 57,5 млрд доллардан 60,84 млрд долларға жетті. Ал рейтинг қатысушыларының орташа дәулеті 767 млн доллардан 811 млн долларға дейін өскен.

Рейтингтің үздік ондығы бойынша 1-орында Kaspi.kz акционері Вячеслав Ким тұр. Оның байлығы 7,8 млрд долларға бағаланған. Ол бұл орынды үшінші жыл қатарынан сақтап келеді. Бір жылда оның дәулеті 700 млн долларға артқан. Биыл наурызда жарияланған Forbes-тің жаһандық миллиардерлер рейтингінде ол 477-орынға ие болды.

2-орында KAZ Minerals акционері Владимир Ким тұр. Оның байлығы 5,9 млрд долларға бағаланды. Ол капиталын 200 млн долларға арттырған. Forbes-тің жаһандық рейтингінде ол 712-орынға жайғасты. Сонымен қатар кәсіпкер "КСС Финанс" ЖШС арқылы Bank RBK-нің 84,81 пайыз үлесіне иелік етеді.

Тимур мен Динара Құлыбаевтар және Болат Өтемұратов 3-орында. Әрқайсысының байлығы 5,4 млрд долларға бағаланып отыр.

Былтырғы рейтингте Тимур мен Динара Құлыбаевтар төртінші орында болған. Forte Bank-тің мажоритарлық акционері Болат Өтемұратов биыл алтыншы орыннан үшінші орынға көтерілді. Оның байлығы бір жылда 1,7 млрд долларға өсіп, 3,7 млрд доллардан 5,4 млрд долларға жетті.

6-орында байлығы 5,2 млрд долларға бағаланған Freedom Holding Corp. негізін қалаушы әрі иесі Тимур Турлов тұр.

7-орында ERG тобының акционерлері – Ибрагимовтар отбасы тұр. Олардың байлығы 1,68 млрд долларға жеткен. Мұқадасхан Ибрагимова мен оның ұлдары Достан, Даврон, Шухрат және Фурхат бұрын отбасы басшысы Әлижан Ибрагимовқа тиесілі болған Eurasian Resources Group компаниясының 20,7 пайыз үлесіне иелік етеді.

8-орында Astana Group негізін қалаушы әрі иесі Нұрлан Смағұлов орналасқан. Оның байлығы 1,3 млрд долларға бағаланды. Кәсіпкер биыл алғаш рет жаһандық миллиардерлер рейтингіне еніп, 2858-орын алды.

9-орында BI Group инвестициялық-құрылыс холдингінің акционері Айдын Рахымбаев тұр. Оның байлығы 1,1 млрд долларға бағаланды.

10-орында “Нұрбанк” пен “Виктория” сақтандыру компаниясының мажоритарлық үлесіне иелік ететін Сәрсеновтер отбасы орналасқан.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар