Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шымкентте 65 жастағы зейнеткердің жүрегі 20 минут ішінде төрт рет тоқтаған

Шымкентте 65 жастағы зейнеткердің жүрегі 20 минут ішінде төрт рет тоқтаған
Сурет: Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі
Зейнеткер ауруханаға ауыр халде түскен.

Шымкентте дәрігерлер жансақтау бөлімінде 20 минут ішінде жүрегі төрт рет тоқтаған 65 жастағы науқасты аман алып қалды, деп хабарлайды KYN.KZ қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

№1 қалалық клиникалық ауруханасына зейнеткер ауыр халде түскен. Дәрігерлер оған өкпе артериясының тромбоэмболиясы (ТЭЛА) диагнозын қойды - бұл өкпе тамырлары тромбпен бітеліп қалған қауіпті жағдай.

Ведомство мәліметінше, жансақтау бөлімінде науқастың жағдайы күрт нашарлап, 20 минуттың ішінде жүрегі төрт рет тоқтаған.

"Соған қарамастан, дәрігерлер 4 рет дер кезінде және сәтті реанимациялық көмек көрсетіп, науқастың өмірін сақтап қалды", - делінген хабарламада.

Науқас жансақтау бөлімінде бір айдан астам уақыт жатты. 7 мамырда ер адамның жағдайы жақсарып, аман-есен үйіне шығарылды.

Бұған дейін Алматыда дәрігерлер 15 сантиметрлік жылауық (киста) іріңін тазартып, ұйқы безінің ауыр асқынуына шалдыққан 45 жастағы пациентті аман алып қалған болатын. Бұл жағдай клиника тәжірибесінде мұндай алғашқы оқиға болды.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар