Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бостандықтың құны- 1 миллион : Атышулы кәсіпкер айыппұл төлеп, түрмеден босатылды

Бостандықтың құны- 1 миллион : Атышулы кәсіпкер айыппұл төлеп, түрмеден босатылды
ашық дереккөз
Қазақстан азаматы Әліби Жұмағұловты соққыға жығып, 13 жыл бас бостандығынан айырылған Қайрат Жұмалиев айыппұл төлеп, бастандықта жүр.
Қазақстандық Әліби Жұмағұловты соққыға жыққаны үшін түрмеге жабылған, кәсіпкер Қайрат Жұмалиев 1 миллион тңге көлемінде айыппұл төлеп, бостандыққа шығып отыр. Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөзінің айтуынша, кәсіпкер қазіргі  таңда еліміздегі бірде-бір қылмыстық атқару жүйесінің мекемесінде тіркелмеген. Ал өтелмеген жазаның бөлігін айыппұлға алмастыру шешімін Көкшетау қаласының соты қылмыстық кодекстің 73- бабы, 3- тармағына сүйеніп  қабылдады. Осы баптың 3-тармағына сәйкес, сот жазаның өтелмеген бөлігін қылмыскердің бостандықтағы 4 күніне бір АЕК (Айлық Есептік Көрсеткіш) есебімен айыппұл тағайындап, алмастырды. 2018 жылы бір АЕК 2405 теңгені құрайды. Айыппұлдың көлемі 900 мың теңге. Оның бостандықтағы 4 күніне бір АЕК алынады, – деді Қайрат Жамаливетың адвокаты Сәлімжан Мусин. Естеріңізге салсақ , елорадалық  кәсіпкер 2015 жылы Астана тұрғыны Әліби Жұмағұловты соққыға жығып, 13 жылға бас бостандығынан айырылды. Әлібидің әкесі қоғамнан көмек сұрап, Қайрат Жамалиевтың заң жүзінде жазалануын талап еткен. Кейін кәсіпкердің шартты жазамен 7 жылға сотталғаны белгілі болды. Желтоқсан айында оның бостандыққа 4 жыл, 4 ай және 28 тәуліктен кейін шығатыны белгілі болды.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар