Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Мұғалім сабақтан тыс уақытта оқушының өміріне жауап бермейді - заң сенатқа жолданды

Мұғалім сабақтан тыс уақытта оқушының өміріне жауап бермейді - заң сенатқа жолданды
Сурет: PhotoAlto/Michele Constantini / Getty Images
Балалардың өмірі, денсаулығы мен қауіпсіздігі ата-аналардың жауапкершілігінде болмақ.

Енді мұғалімдер оқушы үшін тек мектепте ғана жауапты болады. Мәжіліс «Педагог мәртебесі, білім беру, денсаулық сақтау және бала құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі» Заңды, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске ілеспе түзетулерді екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Балалардың өмірі, денсаулығы мен қауіпсіздігіне қатысты ата-аналардың жауапкершілігінде болмақ.

Сонымен қатар, педагогтер бір есепті қағаз жүзінде де, электрондық форматта да жазуға міндетті болмайды. Орта білім беру ұйымдарында ұялы құрылғыларды пайдаланудың бірыңғай қағидалары енгізіліп, мектеп оқушыларын ғылыми қызметке тарту бойынша әкімдіктер деңгейінде қосымша шаралар қарастырылды.

Үкіметтің бастамасы бойынша заңға Қазақстан аумағында жетекші шетелдік университеттердің қызметіне қолайлы жағдай жасауға және олардың тиімді жұмыс істеуіне бағытталған құқықтық реттеу нормалары енгізілді. Шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптары сақталған жағдайда ғана ашылады.

Түзетулердің жеке блогы жоғары медициналық білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталды. Осыған байланысты интеграцияланған медициналық білім беру моделіне көшу ұсынылды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар