Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"15 000 төлеймін, сапалы интернет алғым келеді": депутат байланыс сапасын сынға алды

"15 000 төлеймін, сапалы интернет алғым келеді": депутат байланыс сапасын сынға алды
Сурет: mt-home.ru
Депутаттың Қазақстандағы интернетті сынады.

Мәжіліс депутаты Марат Башимов үйдегі интернеттің сапасын сынға алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Депутаттар "Телекоммуникациялар нарығын және деректерді өңдеу орталықтарын дамыту мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда қарады.

"Бұл салада азаматтардың конституциялық құқықтары, тұтынушылардың құқықтары жаппай бұзылып жатқанын бәрі біледі. Мен жолдың арғы бетінде тұрамын, тіпті үлкен жазба жарияладым, онда бәрі: "үйдегі интернет жұмыс істемейді" деп жазып жатыр. Бізге неге ертегі айтып отырсыздар?" - деді депутат премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевке.

Айтуынша, халық байланыс қызметі үшін ақы төлейді, бірақ әрдайым лайықты сапа ала бермейді.

"Халықты сіздердің нарыққа кімнің кіретіні қызықтырмайды. Олар қызмет үшін ақы төлейді. Мен 15 000 төлеймін, сапалы интернет алғым келеді. Бірақ ол жоқ! Ал сіздер бұл жерде дәл осы тұтынушылардың құқығына тиісті деңгейде көңіл бөлмей отырсыздар", - деп толықтырды ол.

Бұған жауап ретінде Мәдиев интернетке қолжетімділікті азаматтар үшін негізгі шарт деп атады.

"Біз бұл әрбір азаматқа жетуі тиіс негізгі шарт деп санаймыз. Егер интернетке қатысты мәселелер туындаса, әрқашан хабарласуға болады. Мемлекеттік орган мұны бақылауға алады", - деді шенеунік.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар