Көкшетауда жалғызбасты ананы әйел көлігімен басып кетті: жүргізушінің күйеуі 5 жылға сотталуы мүмкін
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 16:46
- 40
Көкшетауда жаяу жүргіншіні көлікпен басып өлтірген жүргізуші әйелдің күйеуі бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Әділовтің айтуынша, жүргізушіге қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
"Жүргізушіге қатысты 345-бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кеше сот үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады, тергеу жалғасып жатыр", - деді Санжар Әділов.
Сондай-ақ ол көлікті басқаруды рұқсатсыз берген күдіктінің күйеуіне қатысты қосымша қылмыстық іс қозғалғанын нақтылады.
"Оның үстіне, көлікті заңсыз басқаруға берген тұлғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 349-бабы бойынша қосымша қылмыстық іс қозғалды. Бұл - күдіктінің жұбайы, қазір қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатырмыз. Бапта 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Бұл - соттың құзыреті", - деп түсіндірді министрдің орынбасары.
Еске салсақ, 9 мамырда Көкшетаудағы автотұрақта көлік жолда кетіп бара жатқан әйелді қағып, үстінен басып өткен.


