Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазасқтандық оқушылардың сабақ кезінде және үзілісте телефон қолдануына тыйым салынбақ

Қазасқтандық оқушылардың сабақ кезінде және үзілісте телефон қолдануына тыйым салынбақ
Сурет: URA.RU/TASS
Мұғалімдерді білім беру қызметіне қатысы жоқ жұмыстар мен іс-шараларға тартқаны үшін де осындай айыппұл енгізіледі.

Қазақстан мектептерінде сабақ кезінде және үзілісте смартфон қолдануға тыйым салынбақ, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Заң жобасы басқа өзгерістермен толықтырылды.

Қазақстанда педагогтерге есепті бір уақытта қағаз және электронды форматта тапсыруға тыйым салынады. Бұл талапты бұзғаны үшін (мұғалімдерге емес) 10-нан 60 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған (43 250 — 259 500 теңге).

Мұғалімдерді білім беру қызметіне қатысы жоқ жұмыстар мен іс-шараларға тартқаны үшін де осындай айыппұл енгізіледі. Қазір мұндай жағдайда тек ескерту ғана беріледі.

Мұғалімдер онлайн-платформаларда міндетті түрде аккаунт жүргізуден және түрлі материал жариялаудан бас тарта алады. 

Мұғалімдер оқушыларға тек сабақ кезінде жауапты болады. Сонымен қатар ата-ананың балалардың өмірі, денсаулығы мен қауіпсіздігіне қатысты жауапкершілігі күшейтіледі.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар