Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстандықтар үш күн ақылы демалыс ала алады

Қазақстандықтар үш күн ақылы демалыс ала алады
Сурет: газета.ру
Жұмыс беруші қызметкерлерге үш жұмыс күніне дейін ақылы әлеуметтік демалыс беруге міндетті.

Сенат жұмыс берушілерді қызметкерлерін скринингтік тексеруден өтуге жұмыс орны мен орташа жалақысын сақтай отырып жіберуді міндеттейтін заңды мақұлдады деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Еңбек кодексіне сәйкес, жұмыс беруші қызметкерлерге күнтізбелік жыл ішінде үш жұмыс күніне дейін ақылы әлеуметтік демалыс беруге міндетті.

14 мамырда, сенаторлар еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша түзетулерді мақұлдады. Енді медициналық ұйымдар цифрлық жүйелер арқылы жұмыс берушілерге олардың қызметкерлері скринингтен өтуі қажеттігі туралы хабарлайтын болады.

Яғни, басшылар қызметкерлерге жұмыс орны мен орташа жалақысын сақтай отырып, тексеруден өту үшін уақыт беруге тиіс.

Егер жұмыс беруші мұндай демалысты беруден бас тартса, ол жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар