Басты жаңалықтар
Шымкентте педофилден зорлық көрген баланың әкесі қайтыс болды
- автор kyn.kz
- 19 шілде, 2018
- 305
Баласына жасалған қиянатқа шыдамай, 11 жастағы ұлдың әкесі жүрек талмасынан көз жұмды.
Шымкентте жуырда ғана педофилден зорлық көрген 11 жастағы баланың әкесі ұлына жасалған қинатқа көне алмай, жүрек талмасы ұстап, бақилық болды.
Бір айдың көлемінде отбасының басынан өткен қайғы-қасіреттің болғаны соншалық- жеткіншектің әкесі жантүршігерлік жайтқа қатты қиналып, соңында жүрегі ұстап, небәрі қырық жасында о дүниеге аттанды. Бұл туралы баланың әжесі айтып берді. Сондай-ақ ер азаматтың артынан 3 бала мен аяғы ауыр әйелі қалған. Ал ол болса, отбасының жалғыз асыраушысы болған екен.
Еске салсақ, шілде айының басында Шымкенттегі үй подъездерінің біріне 11 жастағы баланы кіргізіп алып, оған зорлық әрекеттерін жасаған ер адам ұсталған болатын. Абырой болғанда, баланың жанайқайын естіген зейнеткер оны педофилден аман алып қалған. Азғынның әрекеті бақылау камераларына түсіп қалып, оны тез арада полиция тұтқынға алған болатын.