Басты жаңалықтар
Елордалық қаңғыбас иттер мен мысықтарға арнайы баспана салынады
- автор kyn.kz
- 19 шілде, 2018
- 332
Астанада алғаш рет салынғалы отырған жануарлар панасына бюджеттен арнайы 675 млн теңге шамасында қаражат бөлінеді.
Астанада қаңғыбас иттер мен мысықтарға арналған баспана салынбақшы. Осыған орай, бюджеттен 675 млн теңге бөлінген.
"Құрылысын басталғалы тұрған мемлекеттік пана жануарларға ыңғайлы етіп салынатын болады. Аулап алынғандарды сол жерде ұстайтын боламыз. Келесі жылы құрылысы аяқталады деп жоспарлап отырмыз. Салынғалы тұрған мекеме Астанадағы Сарыарқа ауданында орналасады. Дәлірек айтсақ, Тілендиев даңғылы мен автокөлік иелері үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы қиылысында жер телімі бөлініп те қойған", - дейді "Астана ветсервис" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының директоры Данияр Әбдуов.
Елордамызда алғаш салынғалы отырған жануарлар панасы 200 орындық болмақ. Оның тең жартысы мысықтарға болса, қалғаны иттерге арналған. Сондай-ақ қазіргі таңда жануарларға арналған аурухана салу ұсынылып отыр.
Келесі мақала