Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жалақы алмайды: Халық кеңесінің жұмысы туралы айтылды

Жалақы алмайды: Халық кеңесінің жұмысы туралы айтылды
Сурет: vk.com
Халық кеңесінің мүшелері қоғамдық негізде жұмыс істейтін болады.

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Саиров «Халық кеңесі» конституциялық органының жұмыс істеу тәртібі мен талаптары қандай болатынын түсіндірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, Халық кеңесінде 126 адам болады. Оған төраға болуға кез келген азамат, егер оның тәжірибесі мен қоғамдық беделі болса, бұл лауазымға үміткер бола алады.

«Халық кеңесінің мүшелері қоғамдық негізде жұмыс істейді және үш бағыттан құрылады: Қазақстандағы ұлттық мәдени орталықтар, Қазақстанның азаматтық қоғам өкілдері, аймақтардағы мәслихаттар мен қоғамдық кеңес мүшелері. Халық кеңесінің мүшелері қоғамдық негізде жұмыс істейтін болады. Ең соңында тізімді заң бойынша Президент бекітеді. Төрағаны Президент ұсынады, бірақ оны сол Халық кеңесінің мүшелері өздері сайлап алады. Жалпы Халық кеңесінде 126 адам болады. Халық кеңесінің төрағасы кең өкілеттіктерге ие болады. Ол Халық кеңесінің жұмысын ұйымдастырады, аппаратқа басшылық жасайды, тиісті құжаттарға қол қояды. Төраға тәжірибесі бар, қоғамдық қызмет саласында жұмыс істеген адам болуы тиіс. Меніңше, бұл демократиялық жұмыс. Қазақстан Республикасының кез келген азаматы, егер оның тәжірибесі мен қоғамдық беделі болса, бұл лауазымға үміткер бола алады», –  деді Саиров.

Депутат «Халық кеңесінің» негізгі жұмыс органы сессия, ал сессия жылына кемінде бір рет шақырылады, қажет болған жағдайда төрағаның шешімімен одан да жиі өткізілуі мүмкін екенін айтты.

«Осы сессияның аясында Халық кеңесінің барлық шешімдері қаралады. Оның ішінде Құрылтайға заң ұсыну, референдум бастамасын көтеру және Қазақстанның ішкі саясатына қатысты барлық мәселелер талқыланады.Сессия кемінде жылына бір рет өткізіледі. Олар жалақы алмайды, тек қоғамдық негізде жұмыс істейді.Төраға жалақы алады, себебі оның жанында хатшылық болады. Хатшылық ол мемлекеттік орган Басқарушы мүше саны шамамен он адам болуы керек», – деді Ерлан Саиров.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар