Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Депутат Дәулет Тұрлыханов Роза Рымбаеваға көлік сыйлады

Депутат Дәулет Тұрлыханов Роза Рымбаеваға көлік сыйлады
Сурет: видеодан скриншот
Роза Рымбаева концертте көліктің кілтіне ие болды.

Депутат Дәулет Тұрлыханов Қазақстанның халық әртісі танымал әнші Роза Рымбаеваға темір тұлпар сыйлады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қуанышты хабарды Абай облысының басты ақпарат алаңы саналатын парақша жариялады.

Ақпаратқа сәйкес, мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов Қалбатауда ашық аспан астында гала концерт ұйымдастырған. Оған Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, Әли Оқапов, Мәди Рымбаев, Медеу Арынбаев және Kalifarniya секілді шоу-бизнес өкілдері қатысып, өнер көрсеткен.

Парақшада концерт сәттерінен видео жарияланды. Кадрлардан депутат Дәулет Тұрлыхановтың Роза Рымбаеваға көлік кілтін табыстағанын көруге болады.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар