Атыраудағы отбасының жоғалуы: күйеубалаға қатысты басты сот отырысының қашан болатыны белгілі болды
- автор Томирис Тоныкөк
- 18 мамыр, 2026
- 580
Атырау облысында төрт адамды өлтіру дерегі бойынша басты сот талқылауы өтетін күн белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бүгін 18 мамырда Атырауда бұрынғы әйелінің туыстарын - оның ата-анасын, ағасы мен әпкесін аяусыз өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты алдын ала сот отырысы өтті.
"Алдын ала тыңдау барысында сотталушы Сәрсемалиев істі алқабилердің қатысуымен қараудан бас тартты. Процеске қатысушылардан өтініштер мен шағымдар түскен жоқ. Тараптар басты сот талқылауын тағайындау туралы өтініш білдірді", - деді судья Зарема Хамидуллина.
Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы 28 мамырға белгіленді, ол ашық режимде өтеді.
Сұлтан Сәрсемалиевке Қылмыстық кодекстің бірден үш бабы бойынша айып тағылған:
99-баптың 2-бөлігі 1 және 13-тармақтары "Екі немесе одан да көп адамды өлтіру";
188-баптың 2-бөлігі "Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған ұрлық";
190-бап "Алаяқтық".
Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




