Атыраудағы бір отбасының өлімі: Сұлтан Сәрсемәлиев Наурызды өлтіріп, оның атына несие рәсімдеп, жәрдемақыларын алып отырған
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 21:19
- 39
18 мамырда Атырау сотында Жангелдин ауылындағы бір отбасын өлтіру ісі бойынша тың деректер жарияланды. Сотталушы Наурыз Мұқанғалиевті өлтіргеннен кейін оның жеке деректері мен банктік қызметтерге қолжетімділігін заңсыз баю мақсатында пайдаланған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айыптау мәліметтеріне сәйкес, сотталушы марқұмның телефонындағы банктік қосымшаға кіріп, оның атына бірнеше тауарлық несие рәсімдеген.
Ресми мәліметтер бойынша, материалдық шығын 4 048 570 теңге болған.
Бұдан басқа сотталушы бұрынғы әйелінің туған ағасына тиесілі әлеуметтік төлемдерді жүйелі түрде ұрлап отыру схемасын жасаған.
Сәрсемалиев сол телефонды және банктік деректерді пайдалана отырып, бірнеше ай бойы түсіп тұрған зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді өз шоттарына аударып, иемденіп келген.
Прокуратура мәліметінше, шығын көлемі 550 125 теңге болды.
Прокурордың айтуынша, Сәрсемалиев марқұм Мұқанғалиевтің атынан WhatsApp желісін пайдаланып, хат жазған.
2025 жылғы 29 тамызда ол марқұмның анасы Нәсіп Өтешқалиеваға "шұғыл түрде 350 мың теңге беріп жібер" деп жазған. Ұлымен сөйлесіп отырмын деп ойлаған әйел ақша дайындаған.
"Ол ақшаны алып, банк терминалы арқылы көрсетілген шотқа аударуды өтініп, жолақысын төлеуге уәде берген", - деп оқыды прокурор.
Осылайша, Сәрсемалиев алдау жолымен 350 000 теңгені иемденіп, өз қалауынша жұмсаған.




