Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда қалалық ұшатын әуе такси жобаларын енгізу басталып жатыр

Қазақстанда қалалық ұшатын әуе такси жобаларын енгізу басталып жатыр
Сурет: bastaxi.kz
Қазақстанда ішкі рейстерге биометрияны енгізу көзделіп отыр.

Үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев еліміздің әуежайларда ішкі рейстер үшін биометриялық жүйе енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Министр авиация саласын цифрландыру барысы туралы айтты. Қазіргі уақытта Астана мен Алматы әуежайларында осындай 16 терминал жұмыс істеп тұрғанын атап өтті. Биыл Шымкент, Атырау, Ақтөбе және Ақтау қалаларында тағы 16 терминал - әр қалада 4 терминалдан орнату жоспарланған.

Келесі кезеңде Қазақстанда ішкі рейстерге биометрияны енгізу көзделіп отыр. Пилоттық жобаны Астана - Шымкент бағытында іске асыру жоспарланған. Азаматтық авиация комитеті мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы төрт айында қазақстандық әуекомпаниялар 4,6 миллион жолаушы тасымалдаған.

Өз кезегінде еліміздің әуежайлары төрт ай ішінде 9 миллион жолаушыға қызмет көрсетсе, 2025 жылдың бүкіл кезеңінде бұл көрсеткіш 31,8 миллион болған. Бұдан бөлек, халықаралық маршруттар желісін кеңейту жұмыстары жалғасып жатыр.

Премьер-министр ел жаңа қалалық әуе мобильділігі түрлерінің пайда болуына дайын болуы керек екенін атап өтті.

"Біз аэротакси, дрондар және басқа да жаңа ұшу аппараттарын іске қосуға дайын болуымыз керек", – деді ол.

2026 жылы Қазақстанда 24 әлеуметтік маңызы бар әуе маршруты субсидияланады, бұл мақсатқа 6,4 миллиард теңге қарастырылған.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар