Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қыздырылған шанышқы мен үтік басып денесін күйдірген: балаларын ұрып-соққан шымкенттік әйел 5 жыл үш айға сотталды

Қыздырылған шанышқы мен үтік басып денесін күйдірген: балаларын ұрып-соққан шымкенттік әйел 5 жыл үш айға сотталды
Сурет: видеодан скриншот
30 жастағы шымкенттік әйел балаларын қыздырылған шанышқы пен үтік басып денесін күйдірген.

Шымкентте балаларын аяусыз ұрып-соғып, қорлаған анаға қатысты сот үкімі шықты. Ол қылмыстық кодекстің 110-бабымен, яғни кәмелетке толмаған бірнеше адамды қинау бабы бойынша кінәлі деп танылып, 5 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. 30 жастағы әйелдің қолына сот залында кісен салынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.

Еске салсақ, күдікті әйел өз балаларын ұрып соғып қана қоймай, қыздырылған шанышқы мен үтік басып денесін күйдіргенін, тіпті қыстың күні өзен суына түсіргенін бұған дейінгі сот отырыстарында айтылған. Айыпталушы кінәсін толық мойындап, балаларынан кешіріп сұрап, өкінетінін жеткізді. Алайда сот үкімімен келіскен жоқ. Қазір балалары мемлекет қамқорында. Айта кетейік, наурыз айында азаматтық сот күдікті әйелді ата-ана құқығынан айырған.

«Сотталушы жәбірленушілерді, яғни кәмелетке толмаған бір емес, екі баласын қинап, аса қатігездікпен қорлап, зорлық-зомбылық жасаған, тән азабын және психикалық зардап шегуге ұшыратқан. Ұлы темекі шегіп тұр деп айыптап, оны қызған шанышқымен ерніне басып күйдірген. Бірнеше рет ұрып-соғып, тән азабын келтірген. Үтік қыздырып басып, үстіне шығып отырып, қызының ішіне, ұлының бетіне, жамбас тұсына, бірнеше жерге басқан», - дейді судья Алтын Білтебай.

 «Төрт бала-шағамды мемлекетте қалдыруын сұраймын. Өш алу жағдайында емес, аффект жағдайында болған, көзіме ештеңе көрінбей. Сот үкімімен келіспеймін, тым қатал жаза», - деді сотталушы Гүлмира Ергешова.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар