Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы.
"Қазгидромет" синоптиктері 21, 22 және 23 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Еліміздің кейбір аудандарында үсік жүреді.
"Жоғары жылдамдықпен қозғалып, суық ауа массаларымен толыққан бұл антициклон алдымен еліміздің солтүстік, кейін шығыс өңірлерінде ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне әкеледі", - деді метеорологтар.
22 мамырда Қазақстанның солтүстік облыстарында, 23 мамырда шығыс және орталық өңірлерінде түнде термометр бағаны 0-5 градус жылыға дейін төмендейді, ал кейбір аудандарда 3 градусқа дейін үсік жүреді деп күтіледі. Күндіз ауа небәрі 10-15 градусқа дейін ғана жылынады.




