Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Президенттің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтаса, оның міндеті атқаратын үш ықтимал кандидат аталды

Президенттің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтаса, оның міндеті атқаратын үш ықтимал кандидат аталды
Сурет: el.kz
Президент өз міндетін атқара алмаған жағдайда оның орнына үш тұлға уақытша міндетін атқарушы бола алады.

Қазақстанда Президент өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда оның міндетін уақытша атқару және кезектен тыс сайлау өткізу тәртібі заңмен нақты белгіленген. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Айдос Сарым айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, президент өз міндетін атқара алмаған жағдайда оның орнына үш тұлға уақытша міндетін атқарушы бола алады.

«Егер президент денсаулығына байланысты қайтыс болса немесе өз міндетін атқара алмаса, онда кезектен тыс президент сайлауы өтеді.  Бұл ретте елімізде нақты тәртіп бар. Біріншіден, президент өз міндетін атқара алмаған жағдайда оның орнына үш тұлға уақытша міндетін атқарушы бола алады: бұл вице-президент, құрылтай төрағасы және үкімет басшысы. Осы үш тұлғаның біреуі уақытша президент міндетін атқарушы болып тағайындалады.», – дейді Айдос Сарым.

Сондай-ақ, кандидаттар арасында басымдық жоқ, тек кезек тәртібімен өткізіледі.  

 «Бұл мәртебе ұзақ мерзімді емес, тек өтпелі кезеңге арналған. Егер бұл вице-президент немесе басқа лауазымды тұлға болса, онда 7 күннің ішінде рәсімдер толық аяқталуы тиіс. Осы мерзім өткеннен кейін ол бұрынғы қызметінен кетеді. Одан кейін 2 ай ішінде міндетті түрде жаңа президент сайлауы өтуі керек. Яғни бұл тұлға тек сайлау процесінің заңды, әділ және тұрақты өтуін қамтамасыз етеді. Ол шешім қабылдайтын толық президент емес, тек мемлекеттік биліктің үздіксіздігін қамтамасыз ететін уақытша тұлға болып саналады», – дейді Сарым.

Депутаттың сөзінше, егер барлық ықтимал кандидаттар бас тартса, мәселе Парламент деңгейінде қаралуы мүмкін. Ал бүкіл рәсім жеті күн ішінде аяқталып, кейін кезектен тыс сайлау жарияланады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар