Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Мұғалімге алғыс ретінде гүл немесе сыйлық беру қалыпты мәдени құылыс - Асхат Аймағамбетов

Мұғалімге алғыс ретінде гүл немесе сыйлық беру қалыпты мәдени құылыс - Асхат Аймағамбетов
Сурет: blog.100ct.by
Мұғалімге сыйлық беру үшін мәжбүрлі түрде ақша жинау заңға қайшы.

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетов мұғалімдерге сыйлық беру мәселесіне қатысты пікір білдірді. Ол мәжбүрлі түрде сыйлыққа ақша жинау заңға қайшы екенін айтты. Бірақ ол ұстаздарға гүл сыйлап, алғыс білдіруді үлкен мәселеге айналдырмау керектігін мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Депутат мұғалімдерге сыйлық беруге қатысты нақты құқықтық шектеулер бар екенін де атап өтті.

«Ата-аналардан немесе оқушылардан сыйлық жинауды міндеттеу заңға қайшы екені де  белгілі. Сонымен бірге мемлекет жеке азаматтардың арасындағы қарым-қатынасқа шамадан тыс араласпауы керек. Кей жағдайларда ата-аналар өз еркімен мұғалімге алғыс ретінде гүл немесе шағын сыйлық беріп жатады, бұл қалыпты мәдени құбылыс ретінде қабылдануы мүмкін», – деді Аймағамбетов.

Ол заң бойынша мұғалімдерге сыйлық алу үшін ата-аналардан ақша жинауға болмайтынын атап өтті. Бұл талап арнайы министрлік бұйрығында да көрсетілген. Ал, егер ата-ана баласының ұстазына өз еркімен және тек алғыс айту ниетімен ғана берсе, бұл - алғыс пен құрметтің белгісі ретінде қарастырылады. 

Сондай-ақ, депутат ұстаз еңбегін құрметтеу, алғыс айту мен 1 қыркүйекте гүл сыйлаудан ешқандай сөкеттік көрмейтінін жеткізді. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар