"Тұншықтырып, шашынан сүйреді": қазақстандық әйел өзін Бельгияның консулы ұрғанын айтып, шағымданған
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:18
- 44
Бельгия азаматы, "Құрметті консулдар қоғамы" басқарма төрағасы әрі танымал кәсіпкер Денис Ван ден Вейх қазақстандық әйелді соққыға жықты деген күдікке ілінді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Kozachkov offside Telegram арнасы мәлімдеді. Бельгиялық консул мен Айдана есімді әйелдің арасында жанжал туындаған. Айтуынша, оқиға түнде Ван ден Вейхтің Алматыдағы пәтерінде болған. Ол өзін шетелдік азамат тұншықтырып, шашынан сүйреді деп полицияға шағым түсірген.
Іс "Соққыға жығу" бабы бойынша тіркелген. Алайда іс жәбірленушінің өтініші бойынша тоқтатылған.
Денис Ван ден Вейх бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.
“ Іс тоқтатылды, себебі арыздағы күш қолдану туралы ақпарат расталмады", – деді бельгиялық азамат.
Ван ден Вейх 1984 жылы Бельгияда дүниеге келген. Ол Бельгиядағы Лёвен Католик университетін химиялық инженерия мамандығы бойынша бакалавр және магистр дәрежесімен тәмамдаған.
2018 жылдың шілдесінен бастап РҚБ "Құрметті консулдар қоғамы" басқарма төрағасы қызметін атқарып келеді.



