Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Астанадағы мейрамханада иттің етін берген: депутаттар қоғамдық тамақтану орындарында санитарлық талапты қатаңдатуды ұсынды

Астанадағы мейрамханада иттің етін берген: депутаттар қоғамдық тамақтану орындарында санитарлық талапты қатаңдатуды ұсынды
Сурет: eda.show
Жан-жануарларды қорғаушылар ірі мейрамханаларда иттің еті жеткізілгені туралы айтты.

Итке қатысты дау тоқтар емес. Жан-жануарды қорғаушылар бұл жолы Астанадағы ірі мейрамханаларда келген қонақтарға иттің етінен тамақ ұсынылғанын айтып, сұмдық деректерді жайып салды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.

Бірақ автор мекенжайды нақтыламаған. Дегенмен Мәжіліс депутаттары мұндай мейрамханалардың атын атап, түсін түстеу керек деп отыр. Себебі әр тұтынушы мұндай сорақы әрекетке барған дәмхана иесін, мекенжайын білуге тиіс.

«Қоғамдық тамақтану орындарына санитарлық талапты біршама қатаңдататын уақыт жетті» - дейді Абзал Құспан. "Тексеруге алдын ала уақыт беріп, кафе, мейрамхана иеcінің бар кінәратын жуып-шаюға мүмкіндік береді. Сондықтан тексерісті айтпай жасағаны абзал болар еді" деп санайды мәжілісмен.

«Мемлекеттік органдар қазір анықтады, жеріне дейін жеткізді, сотқа жеткізді, жазасын беріп жатыр. Бірақ тұтынушы ретінде біздің толыққанды ақпарат алуға құқығымыз сақталуы керек. Кафе иесі кім, ол кафенің атауы қандай, осының бәрі халыққа таратылуы керек», - дейді Мәжіліс депутаты Абзал Құспан.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар