Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Гаджеттерден немесе вакцинациялаудан туындамайды": Денсаулық сақтау министрлігі "аутизмді толық емдеп береміз" дегендерге сенбеуді шақырды

"Гаджеттерден немесе вакцинациялаудан туындамайды": Денсаулық сақтау министрлігі "аутизмді толық емдеп береміз" дегендерге сенбеуді шақырды
Сурет: appkk.ru
Аутизм "тәрбиенің дұрыс болмауынан", гаджеттерден немесе вакцинациялаудан туындамайды.

Денсаулық сақтау министрлігі "аутизмді толық емдеу", "жалған аутизм" және басқа да нақты емес теорияларға сын көзбен қарауға, әр ақпаратты саралауға шақырды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Аутизм спектрінің бұзылыстары (AСБ) — бұл халықаралық медициналық қауымдастық растаған нейродамудың ресми танылған ерекшелігі.

 “Аутизм "тәрбиенің дұрыс болмауынан", гаджеттерден немесе вакцинациялаудан туындамайды. Бүгінде аутизмді "тез және толық емдеуге" қабілетті ғылыми дәлелденген әдіс жоқ. Ғажайып терапиялардың, күмәнді дәрі-дәрмектердің және жалған ғылыми әдістердің уәделері отбасыларды адастырады. Салдарынан кәсіби көмек алуға кеш болып, уақытты жоғалтуға әкелуі мүмкін”, – деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрлігі.

Сондай-ақ, бала денсаулығын хайпқа айналдырып, ата-аналарға манипуляция жасаудың қажеті жоқ екенін ескертті. Сөздерінше, ерекше бала үшін ең маңыздысы — ерте анықтау, уақытылы түзету, мамандардың көмегі және отбасының қатысуы.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар